ДАИШ-тің еуропалық 1500 террористі елдеріне оралды

Тақырыппен байланысты ЕО Террормен күрес координаторы мәлімдеме жасады.

829236
ДАИШ-тің еуропалық 1500 террористі елдеріне оралды

Террор ұйымы ДАИШ қатарында соғысқан көптеген террорист Еуроодақ елдеріне оралды.

Еуроодақ Террормен күрес координаторы Гиллес де Керчове Сирия мен Иракта террор ұйымы ДАИШ қатарында соғысқан мың 500 адамның Еуроодақ елдеріне оралғанын мәлімдеді.

Ресми байланыстары аясында Туниске барған Керчове Тунис ішкі істер, қорғаныс және әділет  министрлерімен бас қосып, террормен күрес тақырыбында ынтымақтастықты күшейту мәселесін қолға алды.

Керчове кездесудің артынан Тунистегі Еуроодақ ғимаратында өткізген баспасөз жиналысында Еуроодақ мағлұматтарына қарағанда Сирия мен Иракта террор ұйымы ДАИШ қатарында соғысқан көптеген террористтің Еуроодақ мемлекеттеріне оралғанын атап көрсетті.

ДАИШ-ке қарасты еуропалық жауынгерлердің оралуы себепті өрбіген мәселелерді шешу мақсатты Еуропаның шекарасын қорғау және қажетті шараларды қабылдау керектігін атап көрсеткен Керчове Еуроодақ пен Тунис арасындағы ынтымақтастықтың мықты екенін, радикалдық пен контрабанда сияқты ұқсас мәселелер себепті ынтымақтастықтарын жетілдіретіндерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар