Иран Ирактың күрд автономиясымен шекарасын жапты

Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бехрам Касыми мәлім етті.

813652
Иран Ирактың күрд автономиясымен шекарасын жапты

Иран Ирактың күрд автономиясымен шекарасын жапты.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бехрам Касыми бас қала Тегеранда баспасөз брифингін ұйымдастырып: «Ирак мемлекетінің территория тұтастығына қолдау береміз.  Ирак мемлекетінің талабы бойынша әуе кеңістігі мен құрлықтағы шекарамызды Ирактағы күрд автономиясына жаптық» деді.

Касыми Иранның осыдан кейінгі қадамы туралы сұраққа: «Осы тақырыпта артынан хабарлама жасалады» деді.



Ұқсас жаңалықтар