"Елімізді қорғау үшін ешкімнен рұқсат алмаймыз"

Иран президенті Хасан Рухани елді қорғау үшін ешкімнен рұқсат алмайтындарын айтты.

812050
"Елімізді қорғау үшін ешкімнен рұқсат алмаймыз"

Иран президенті Хасан Рухани елді қорғау үшін ешкімнен рұқсат алмайтындарын айтты.

Хиджр күнтізбесіне қарай жаңа жылдың бірінші күні болып есептелетін Мұхаррем айының басталуына орай өткізілген әскери жиында сөз сөйлеген Рухани «Әскери күшімізді арттырамыз,  зымыран әлеуетімізді нығайтамыз. Елімізді қорғау үшін ешкімнен рұқсат сұрамаймыз» деді.

Армияның «қажетті деңгейге» дейін нығайтылатынын атап көрсеткен Рухани: «Мақсатымыз – елімізді және аймақты ірі күштердің басқыншылығы мен терроризмнен қорғау» деді.

«Ұнатсаңыз да,  ұнатпасаңыз да Йемен,  Сирия және Палестинаның езілген халықтарының құқығын қорғаймыз» деді ол.

Осы арада Иранның Таснин ақпарат агенттігі Тегеран әкімшілігінің қашықтығы 2 мың метр болатын жаңа баллистикалық зымыранды таныстырғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар