Израиль палестиналықтарды тұтқынға алды

Израиль әскерлері Батыс Шерияда 16 палестиналық азаматты тұтқынға алды.

809261
Израиль палестиналықтарды тұтқынға алды

Израиль әскерлері Батыс Шерияда 16 палестиналық азаматты тұтқынға алды.

Армия хабарлама жариялап,  Батыс Шерияның түрлі қалаларында 16 палестиналықтың «террорлық оқиғаларға араласқаны» себепті тұтқынға алынғанын білдірді.

Израиль күштерінің айтуынша Бейтуллахим қаласында «жарылғыш материалмен шабуыл жасауға дайындалған» бір палестиналық жігітке оқ атылып,  жараланған жігіт аураханаға жеткізілді.

Палестина органдарының ресми деректеріне қарағанда,  Израиль түрмелерінде барлығы 7 мың палестиналық азамат отыр.  Олардың 12-сі депутат, 450-і әкімшілік тұтқыны, 62-сі әйел, 300-і бала.



Ұқсас жаңалықтар