Қазақстан Сирияға әскер жіберуі мүмкін

Назарбаев БҰҰ шешім жасаған жағдайда Сирияға әскер жіберуі мүмкіндігін білдірді.

807585
Қазақстан Сирияға әскер жіберуі мүмкін

Назарбаев БҰҰ шешім жасаған жағдайда Сирияға әскер жіберуі мүмкіндігін білдірді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы шешім жасаған жағдайда Сирияға әскер жіберуі мүмкіндігін білдірді.

Президент Назарбаев Астанадағы Президент сарайында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Сирияға қатысты бір сұраққа орай Сирия тақырыбы туралы 6-шы Астана саммитінің басталғанына назар аударды.

Назарбаев жиналыста бұдан кейінгі қақтығыссыз аймақтарды қолға алынатынын айтты.

Президент Назарбаев Сириядағы дағдарыс салдарынан көп адамның қаза тапқанын немесе босқынға айналғанын түсіндірді.

Қазақстанның Сирияға әскер жіберіп жібермеу жайлы бір сұраққа Назарбаев «Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирияға әскер жіберу шешімін жасайтын болса, біз БҰҰ мүшесі ретінде әскерімізді жібереміз» деген жауап берді. 



Ұқсас жаңалықтар