Мектеп жатақханасында өрт

24 адам қаза тапты.

806750
Мектеп жатақханасында өрт

Малайзияның бас қаласы Куала-Лумпурда діни білім беретін мектептің жатақханасында өрт шықты.  24 адам қаза тапты.

Қызметкерлер қала тысындағы үш қабатты ғимаратта түнде шыққан өрттің бір сағатта сөндірілгенін білдірді. Терезелерде темір болғандықтан сыртқа шыға алмаған 22 ер бала мен 2 мұғалімнің қаза тапқаны хабарланды.

Куала-Лумпур полиция басшысы Амар Синг өртте қаза тапқан оқушылардың 13-17 жас аралығында екенін білдірді. Өртте 14 оқушы мен 4 мұғалім құтқарылды.

Малайзияның басқа бір қаласында 1989 жылы діни білім беретін жеке меншік бір мектепте өрт шығып, 27 қыз бала қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар