Астана декларациясы қабылданды

Саммитте Аракан мұсылмандарына жасалған қырғынға орай үндеу тастады.

804460
Астана декларациясы қабылданды

Саммитте Аракан мұсылмандарына жасалған қырғынға орай үндеу тастады.

Қазақстан елордасы Астанада ұйымдастырылған Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Ғылым және технология саммиті аяқталды.

Саммитте Ислам әлемінің ғылым және технологиялық модернизациясы үшін саяси қолдау процесін бастауды мақсат еткен Астана декларациясы қабылданды.

Саммитке ИЫҰ-на мүше 57 елдің мемлекет басшылары мен премьер-министрлері келді.  Сонымен бірге бақылаушы елдер мен халықаралық ұйымдардан 80-ге тарта делегация қатысты.

Түркия Республикасының Президентi Режеп Тайып Ердоғанды Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада қарсы алды.

Ресми салтанаттан кейін Ердоған мен Назарбаев оңаша кездесу өткізді.

Саммит аясында Ердоған Астана Экспо 2017 көрмесінің жабылу салтанатына  қатысты.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Ғылым және технология саммитінде Ислам ынтымақтастық ұйымы Аракан мұсылмандарына жасалған қырғынға орай үндеу тастады.

Саммит аясында Ұйымның кезекті төрағалық міндетін атқарған Түркияның ұсынысы бойынша Мьянмада Аракан мұсылмандарын нысанға алған қанды оқиғаларды және аймақтағы адами дағдарысты қолға алған бір жиналыс ұйымдастырылды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында мемлекет және үкімет басшылары қатысқан жиналыстан кейін Астана декларациясы қабылданды. 



Ұқсас жаңалықтар