РИКС саммиті Қытайдың Сямэн қаласында жалғасуда

Ресей, Қытай, Бразилия, Үндістан және Оңтүстік Африка көшбасшылары саммиті жалғасуда.

800561
РИКС саммиті Қытайдың Сямэн қаласында жалғасуда

РИКС саммиті Қытайдың Сямэн қаласында жалғасуда. Ресей, Қытай, Бразилия, Үндістан және Оңтүстік Африка Республикасының көшбасшылары саммиті Қытайдың Сямэн қаласында жалғасуда.

Кездесу басталмас бұрын мемлекет және үкімет басшылары ресми фотоға түсу шарасына қатысты. Орталық орынға симмит қожайыны, ҚХР-дың төрағасы Си Цзинпинь жайғасты. Оның оң жағына Ресей президенті Владимир Путин мен Бразилия президенті Мишел Темер  орналасты. Ал, сол жағына Оңтүстік Африка президенті Джейкоб Зума мен Үндістан премьері Наренда Моди отырды. Фотографтардың сұрауымен  мемлекет басшылары бір-бірінің қолдарынан ұстады. Суретке түсу аяқталғаннан кейін көшбасшылар отырыс залына өтіп, келіссөздерді бастады.

Отырыс жабық түрде өтіп жатыр. ҚХР-дың төрағасы Си Цзинпинь «Әлемдік экономикалық жағдайлар, ғаламдық экономикалық басқару, халықаралық және аймақтық шиеленістер, ұлттық қауіпсіздік және даму мәселелері басты тақырыптар ретінде қарастырылады» - деді. Одан кейін көшбасшылар БРИКС-тің алдағы даму мәселелерін қарастыратын талқылауды кеңейтілген құрамда жалғастыратын болады.


Этикеттер: #Қытай , #Ресей , #Үндістан

Ұқсас жаңалықтар