Германияда террор сигналы

Неміс Федеральдық қылмыстар басқармасы лауазымдысы мәлімдеме жасады.

798855
Германияда террор сигналы

Неміс Федеральдық қылмыстар басқармасы (BKA) батыс елдеріндегі пойыздарға бағытталуы ықтимал террор шабуылдарына қарсы ескерту жасады.

Басқарма атынан мәлімдеме жасаған бір лауазымды террор ұйымдарының тығыз түрде теміржолдарына саботаж жасап, пойыздарды жолдан шығаруды нысанаға алғанын білдірді.

Террор ұйымы Әл-каиданың бір журналға жасаған мәлімдемесінде батыс елдерінде темір жолдарына шабуылдау шақыруы жасағанын атап айтқан лауазымды «Нақты түрде Германиямен байланысы болмаса да мұнай шабуылдар осында да болуы ықтимал» деді.

Лауазымды ДАИШ террор ұйымына жақындығымен белгілі бір интернет парақшасында да шілде айында Еуропада кейбір пойыздардың жолдан шығарылуы жайлы пікірталас болғанына назар аударды.

Лауазымды барлық осы жаңалықтарға қарамастан Германияда мұндай бір террор шабуылы жасалатыны жөнінде толық мағлұматқа ие емес кендерін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар