Әскери мұражай халыққа ашылды

Бас қала Пекиндегі мұражайға бір ай бойы тегін кіруге болады.

792452
Әскери мұражай халыққа ашылды

Қытай Халқы төңкерісі Әскери мұражайы Қытай Халық азаттық армиясының 90 жылдығына орай қақпасын халыққа ашты.

Бас қала Пекиндегі мұражайға бір ай бойы тегін кіруге болады.

Мұражайға келген халықтың кезегі асып-тасты.

Бұл мұражайда 300-ден астам туынды көрмеге қойылған.  Қытай-Жапон соғысы және Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған экспонаттармен қоса қазіргі армия инвентарындағы қарулар да көрмеге қойылған.

Көрмеге қойылған экспонаттар арасында тапаншалар,  қарулар, танк және сауытты көліктер халықтың назарын аударды.

Пекиннің ең үлкен ғимараттарының бірі болып саналатын мұражай 1960 жылы ашылды.



Ұқсас жаңалықтар