Колумбияда соғыс бітті

Бұл туралы Колумбия президенті мәлім етті.

790740
Колумбияда соғыс бітті

Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос Төңкерісшіл қарулы күштер FARC-тың толығымен қарусызданғанын айтты. Президент көтерілісшілер мен үкімет арасындағы соғыстың біткенін білдірді.

Батыс жарты шардың ең көп уақытқа созылған қақтығысы осылайша аяқталды.

Сантос: «Бүгін соғыстың соңғы тынысын естідік.  Қару тапсырылғаннан кейін соғыс шыныменен бітті және халқымыздың өмірінде жаңа саты басталды» деді.

Колумбия үкіметі мен FARC арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі аясында қару тастау сатысы 1 наурыз күні басталған еді.

FARC басшысы Родриго Лондоньо Эчеверри жаңа сатыға кіргендерін,  енді күрестерін заңды және демократиялық түрде жалғастыратындарын айтқан еді.

Тұрғын саны 48 миллионнан асатын Латын Америка елі Колумбияда 1964 жылдан бері болып келе жатқан қақтығыстар 260 мыңға жуық адамның қаза табуына және 6 миллионнан астам адамның көшіп кетуіне себеп болды.

FARC-пен төрт жылдық келіссөзден кейін өткен жылы бейбітшілік келісіміне қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар