Режим күштері Сирияда жазықсыз адамдарды нысанаға алды

Асадқа қарасты режим күштері Идлибтің Хан Шейхун ауданына зеңбіректермен шабуылдады

789346
Режим күштері Сирияда жазықсыз адамдарды нысанаға алды

Сирияда Башар Асадқа қарасты күштердің Идлибтің Хан Шейхун ауданына жасаған шабуылда біреуі ауыр күйде барлығы 5 адам жарақат алды.

Идлиб азаматтық қорғаныс орталығы лауазымдыларынан Мұхаммед Хадж Юсуф Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемеде «Режимге қарасты зеңбірек жасақтары кеше түнгі уақытта Хан Шейхунға шабуылдады» деді.

Юсуф «Аймақта әскери күш жоқ. Шабуыл жазықсыз адамдарға жасалды. Шабуылдардың жалғасатыны жайлы мағлұматтар келеді» деді.

Хан Шейхун 4 сәуір күні режимнің химиялық қарулы қырғынына куә болған, шабуылда кем дегенде 100 жазықсыз адам қаза тауып, ауданда шамамен 500 адам жарақат алған еді.

Айдан Түркия, Ресей және Иран тарапынан белгіленген қақтығыссыз аймақтың ішінде болатын.



Ұқсас жаңалықтар