ДАИШ содырларын Талл-Афардан тазалау қиын

Ирактың Талл-Афар қаласындағы ДАИШ мүшесі 2 мың террористті тазалаудың қиын екені атап көрсетілді.

787960
ДАИШ содырларын Талл-Афардан тазалау қиын

АҚШ басшылығындағы ДАИШ-ке қарсы күрес коалициясы мәлімдемешісі полковник Райн Диллон Бағдаттан байланыс жасаған Пентагондағы жиналыста Ирак пен Сирияда ДАИШ террор ұйымына қарсы жүргізілген операцияны бағалады.

Мосулдың ДАИШ-тен құтқарылуымен байланысты Иракта ұйымның бақылауында бірнеше жердің қалғанын жеткізген Диллон «Коалиция Талл-Афардың іші мен төңірегінде ДАИШ мүшесі 2 мың террористтің бар екенін болжалады. ДАИШ-ті Ирактағы соңғы қорғандарының бірінен шығарудың қиын болатынын ойлаймыз» деді.

ДАИШ-тен тазаланған аймақтар жайлы мағлұмат берген Диллон ұйымның Мосулды жоғалтуы және Раккада әлсіреуі себепті ауыр қысым астында екенін және табыс көздерінен айырылғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар