АҚШ әуе базасының әйел қызметкерлері шабуылға ұшырады

АҚШ әскери базасы қызметкері 3 әйел қарулы шабуылда қаза тапты.

787452
АҚШ әуе базасының әйел қызметкерлері шабуылға ұшырады

Ауғанстанның бас қаласы Кабул маңындағы АҚШ әскери базасында қызмет еткен ауған әйелдерге бағытталған қарулы шабуылда 3 әйел қаза тапты, 1 әйел жарақат алды.

Баграм аудан әкімі Абдулшукур Куддуси АҚШ-тың елдегі ең үлкен әуе базасы орналасқан Баграм маңындағы базарда сауда жасаған әйелдердің кім екені белгісіз екі адамның шабуылына ұшырағанын білдірді.

Шабуылда 3 әйелдің қаза тапқанын атап көрсеткен Куддуси бір әйел қызметкердің де жараланғанын атап көрсетті.

Куддуси әйелдердің Баграм әуе базасының қауіпсіздік бақылау бекетінде қызмет еткенін мәлімдеді.

Шабуылды ешкім мойындамады. Шамамен 1,5 ай бұрын Баграм әуе базасында қызмет еткен қауіпсіздік қызметкерлеріне жасалған шабуылда 8 қауіпсіздік қызметкері қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар