51 босқын теңізде тұншығып өлді

Йемен су айдынында 120 босқынның 51-і тұншығып дүниеге көз жұмды.

787208
51 босқын теңізде тұншығып өлді

Йемен су айдынында адам ұрлаған қарақшылар тарапынан теңізге лақтырылған көбі жас 120 босқынның 51-і тұншығып дүниеге көз жұмды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық көш қоғамы Йемен су айдындарында теңізге лақтырылған көбі жас африкалық 120 босқынның 51-нің тұншығып өлгенін білдірді.

Халықаралық көш қоғамы бір мәлімдеме жасады. Қоғамнан жасалған жазбаша мәлімдемесінде Сомали және Эфиопия азаматы 120 босқынның Йемен су айдындарында бір қайықтан адам ұрлаған қарақшылар тарапынан теңізге лақтырылғаны баяндалды.

Осы адамдардың 51-нің тұншығып өлгені білдірілген мәлімдемеде босқындар жастарының орташа есеппен 16 жастарында екені түсіндірілді.

Халықаралық көш қоғамы биыл 55 мың босқынның Йеменге жету үшін Сомали түбегінен айрылғанын де мәлімдеді. 



Ұқсас жаңалықтар