Қытайда жер сілкінісі болды

Қытайдың Сычуань провинциясында 7 баллдық жер сілкінісі болды.

786301
Қытайда жер сілкінісі болды

Қытайдың Сычуань провинциясында 7 баллдық жер сілкінісі болды.

Қытайдың оңтүстік-батыс аймағы Сычуань провинциясында 7 баллдық жер сілкінісі болды. Алғашқы белгілеу бойынша 13 адам қаза тауып, 175 адам жарақат алды.  Айта кетейік, 7,0 магнитудалы жер сілкінісі 8 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21.19 кезінде  Сычуань провинциясының Нгава-Тибет-Цянск автономды округінің Цзючжайгоу уезінде болған.

Қазір апат аймағында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Қытай Халық Республикасы Президенті Си Цзиньпин адамдардың өмірін сақтап қалу  және жерасты дүмпуін азайтуға қолдан келген барлық мүмкіндікті жасауға тапсырма берді.

Енді бір жағынан Сычуань провинциясына мөлшермен 3 мың километр қашықтықтағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағында да таңертеңгі уақытта 6,6 баллдық жер сілкінісі болды.

 



Ұқсас жаңалықтар