Израиль армиясы Газа секторына шабуыл жасады
Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіне екі әуе шабуыл жасады.
Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіне екі әуе шабуыл жасады. Әуе шабуылында үш палестикалық жарақат алды.
Шипа ауруханасының жедел қызмет бөлімшесінің басшысы Еймен ес-Шахбани жасаған жазбаша мәлімдемесінде Израильдің Газа секторының солтүстігіне жасаған екі әуе шабуылында үш палестикалықтың жарақат алғанын білдірді.
Шахбани жарақат алған адамның біреуінің жағдайының ауыр екенін айтты.
Куәгерлер де Израиль армиясына тиесілі соғыс ұшақтарының Газа секторының солтүстігіндегі кейбір егіншілік атыздарына екі зымыран шабуылы жасағанын және аймақтағы ғимараттары да қатты зақым көргенін атап өтті.
Хамас мәлімдемешісі Февзи Берхум жасаған мәлімдемесінде Израильдің Газа секторына жасаған шабуылды айыптады.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.