Ирактың Тикрит қаласында топтық мазар табылды

Топтық мазардан ДАИШ тарапынан өлтірілген 550 адамның мәйіті шығарылды.

785610
Ирактың Тикрит қаласында топтық мазар табылды

Ирактың Тикрит қаласында 2017 жылы террор ұйымы ДАИШ тарапынан өлтірілген 550 адамның мәйіті табылды.

Лауазымдылар аймақта одан көп мәйіт болғанын болжауда.

Салахаддин уәлаятына қарасты Тикрит қаласында террор ұйымы ДАИШ жасаған қырғын нәтижесінде өлтірілген адамдар жерленген топтық мазарлардың тағы бірі табылды.

Ашылған мазардан 550 адамның мәйіті шығарылды.

Ирак медициналық сараптау мамандары мәйіттердің ДАИШ тарапынан бұрынғы АҚШ әскери әуе базасы болған «Speicher» лагерінде өлтірген ирактықтарға тиесілі екенін мәлімдеді.

Хашди Шаабидің мәртебелі қолбасшыларының бірі Муин Казими «550 құрбанның жанұяларына хабарладық. 200 шақты мәйіттің ДНК-сы шығарылады» деді.

150 мәйіттің 2 апта бұрын шығарылғанын атап көрсеткен Казими одан көп мейіт табылатынын болжағандарын және ДАИШ қырғынында қаза тапқандар санының мыңнан асатынын атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар