Қытайда қариялар саны жарияланды

Қариялар саны 2016 жылы 230 миллион 800 мыңға жетті.

783843
Қытайда қариялар саны жарияланды

Қытайда 60 жас және одан үлкен тұрғын саны 2016 жылы 230 миллион 800 мыңға жетті.

Қытай Азаматтық істер министрлігі елде 230 миллион 800 мың адамның 60 жас және одан үлкен екенін білдірді. Бұл көрсеткіштің 150 миллион 30 мыңы 65 жастан үлкен.

Министрлік елдегі 140 мың қарттар үйінде өмір сүретін әрбір 1000 қарияға тек 32 төсек келетінін білдірді.

2016 жылғы деректерге қарағанда ел көлемінде 460 мың жетім бала бар. Бұлардың тек 88 мыңы ғана үкіметтің балалар үйінде тұрады.

Өткен жылы 19 мың баланы ел азаматтары мен шетел азаматтары асырап алған.



Ұқсас жаңалықтар