Израильдің қабырғасы аяқталды

Израиль Әл Халил қаласының төңірегіне салған қабырға құрылысының аяқталғанын хабарлады.

783171
Израильдің қабырғасы аяқталды

Израиль Батыс Шерияның Әл Халил қаласының төңірегіне салған қабырға құрылысының аяқталғанын хабарлады.

Израиль Әскери істер министрлігі Таркумия аймағы мен еврей елді мекені Митар арасында салынған 42 километрлік қабырғаның аяқталғанын мәлімдеді.

Израиль үкіметі 2016 жылдың маусым айында Тель-Авивтегі бір сауда орталығына жасалған лаңкестіктен кейін қабырға құрылысының жылдамдатылуына шешім берген болатын.

«Палестиналықтардың шабуылдарына кедергі болу» себебімен 2002 жылы Израиль мен Батыс Шерия арасында қабырға салына бастаған еді.



Ұқсас жаңалықтар