БҰҰ-ға шағымданды

Иран  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағымданды.

781946
БҰҰ-ға шағымданды

Иран өткен ай күшіне енген жаңа санкциялар арқылы ядролық келісімді бұзды деп Америка Құрама Штаттарының үстінен  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағымданды.

Иран мәжіліс төрағасы Али Лариджани жаңа санкциялардың тарихи ядролық келісімнің кейбір бөлімдерін бұзғанын айтты.

Тегеран әкімшілігі мен 5+1 (Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Франция, Ресей) елдері арасында 2015 жылы жасалған келісім Иранның ядролық бағдарламасына байланысты бірсыпыра шарттарды қабылдауы арқылы осы елге халықаралық санкциялардың алынып тасталуын көздейтін еді.

Алайда сайлау науқанынан бері осы келісімді сынаған АҚШ президенті Трамп билігі өткен ай баллистикалық зымыран бағдарламасындағы ролдерін сылтау қып көрсетіп,  ирандық алты фирмаға санкция қойған болатын.



Ұқсас жаңалықтар