Босқындар үшін мектеп ашады

Джордж Клуни мен жұбайы Амал сириялық босқындар үшін Ливанда мектеп ашады.

781660
Босқындар үшін мектеп ашады

Атақты Голливуд жұлдызы Джордж Клуни мен жұбайы Амал сириялық босқындар үшін Ливанда мектеп ашады.

Американдық актер Джордж Клуни адам құқықтары жөнінде адвокат жұбайы Ливандық Амалмен бірге «The Clooney Foundation for Justice» фонды арқылы Ливанда босқын жағдайындағы 3 мыңнан астам сириялық балалар үшін 7 мектеп ашатындарын хабарлады.

Хабарлама фондтың интернет парақшасында жарияланды. Жобаға Google, Hewlett-Packard HP  және ЮНИСЕФ те қолдау береді.  Жобаға бөлінген қаражат – 3,3 миллион доллар.



Ұқсас жаңалықтар