Босқындар үшін орталық құрылады

Бұл туралы Франция Ішкі істер министрі хабарлады.

781218
Босқындар үшін орталық құрылады

Франция Ішкі істер министрі Жерар Коломб елдің солтүстігінде босқындар үшін екі қабылдау орталығы құрылатынын білдірді.

Коломб Кале қаласындағы Jungle лагеріндегілерді орналастыру үшін жаңа екі орталық құрылатынын айтты.

Босқын қабылдау орталықтарының Troisvaux және  Bailleul қалаларында ашылатынын білдірген министр Jungle лагерінде 350-400 босқын бар екенін атап көрсетті.

Коломб Кале қала орталығына жылжымалы душтар орнатылатынын да айтты.

Сонымен қатар Ішкі істер министрі француз полиция қызметкерлері босқындарға нашар қарады деген айыптаудан кейін қатысты органдардан есеп сұрады. Lille әкімшілік соты өткен ай Jungle лагері аймағындағы босқындар үшін босқын қабылдау орталығы құрылуы сұранысын кері қайтарған болатын. Каледегі жергілікті органдар наурыз айында гуманитарлық көмек органдарының босқындарға азық-түлік және сусын беруіне тыйым салып, алайда наразылықтарға орай сот тыйымды алып тастаған еді.

Лагерь аймағында өмір сүретін мыңдаған босқынды қауіпсіздік күштері таратып,  елдің түрлі жерлеріне жіберген еді.  Бірақ осы жердегі босқын саны қайтадан 600-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар