БҰҰ Шығыс Гутада әуе шабуылдарының алаңдататынын білдірді

Қақтығыстар  гуманитарлық көмек жеткізуге кедергі болып отыр.

777690
БҰҰ  Шығыс Гутада  әуе шабуылдарының алаңдататынын білдірді

БҰҰ Сирияда бітімге қарамастан Шығыс Гутада азаматтардың өліміне себеп болған әуе шабуылдарының алаңдататынын білдірді.

БҰҰ Гуманитарлық жұмыстар координация кеңсесінің хабарламасында Шығыс Гутада азық-түлік пен дәрі-дәрмек сынды гуманитарлық көмекке мұқтаж 400 мың адамның тағдырына алаңдайтындары атап көрсетілді.

Идлиб төңірегіндегі ел-жұртынан айрылған халық тұратын лагерь аймағында да қақтығыстар артты. Қақтығыстар  гуманитарлық көмек жеткізуге кедергі болып отыр.

Мыңдаған адам қоршауда қалған Раккада болса сәуір айынан бері 202 мыңнан астам адам көшіп кетті.  

 



Ұқсас жаңалықтар