Балаларының туған жеріне аурухана ашты

Атақты әнші аурухананы Малаваиден асырап алған қызының есімімен атады.

777265
Балаларының туған жеріне аурухана ашты

Атақты американдық әнші Мадонна асырап алған 4 баласының туған жері Малавиде балалар үшін аурухана ашты.

Атақты әнші аурухананы Малаваиден асырап алған қызының есімімен атады.

Шығыс Африка елі Малавиден 4 бала асырап алған Мадонна балалары туылған елге парыз ретінде балалар ауруханасын салдырды.

Осы ерекшелікте Африкадағы тұңғыш орталық болып табылатын аурухананы Мадонна 11 жасар малавилік қызы Мерси Джеймспен бірге ашты.

Аурухананың ашылу салтанатында Президент Петер Мутарика Мадоннаға «Сіз Малавиден 4 бала асырап алдыңыз,  енді біз де сізді осы ұлттың қызы ретінде есептейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар