Араб лигасы бас қосады

Швеция, Франция мен Мысыр да БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін бас қосуға шақырды.

776089
Араб лигасы бас қосады

Араб лигасы Израильдің Иерусалим және Акса мешітінде артқан заңсыздықтарына байланысты кезектен тыс жиналуға шешім берді.

Осыған байланысты Араб лигасы жазбаша мәлімдеме жариялады.

«Араб лигасының сыртқы істер министрлер деңгейінде кезектен тыс бас қосуына шешім берілді» деп айтылды мәлімдемеде.

Лиганың бас хатшысы Ахмет әбу Гайт та Израильдің неші жылдан бері жалғасып келе жатқан Иерусалим және Акса мешіті жоспарын айыптап: «Иерусалим- қызыл сызық. Арабтар мен мұсылмандар оған зиян келтіруін қабылдамайды. Израиль үкіметі отпен ойнап отыр. Израиль Ислам әлемінде үлкен дағдарысты қыздыруда» деді.

Сонымен қатар Швеция,  Франция және Мысыр БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін осы тақырыпқа байланысты жиналысқа шақырды.

Швецияның тұрақты өкілі Карл Скау Иерусалимде келіспеушілікті тынышталдыру үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін бас қосуға шақырғандарын хабарлады.

Израиль полициясы Акса мешітінде 14 шілде күні қарулы шабуыл жасады деген себеппен 3 палестиналықты өлтірді.  Оқиғада жарақат алған Израильдің екі полициясының ауруханада қайтыс болғанын хабарлады.

Оқиғадан кейін Израиль Акса мешітін ғибадатқа жапты.  Харам Шерифтің екі қақпасын ашса да,  қақпаларға детектор орналастырды.



Ұқсас жаңалықтар