Израиль полициясы 3 палестиналықты Акса мешітінің ішінде өлтірді

Израиль полициясы жасаған мәлімдемеге қарағанда Акса мешіті уақытша жабылды.

770526
Израиль полициясы 3 палестиналықты Акса мешітінің ішінде өлтірді

Израиль полициясы Акса мешітінде қарулы шабуылға әрекет жасағанын алға тартқаны 3 палестиналықты атып өлтірді, оқиғада бір Израиль полициясы жарақат алды.

Акса мешіті уақытша жабылды. Мешітте бүгін жұма намазын оқымайды.

Израиль полициясының мәлімдемесінде Акса мешітінің арыстанды қақпасында Израиль полициясына оқ атқан соң мешітке қашып кірген 3 палестиналықтың өлтірілгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Акса мешітінде жасалған операцияда сондай-ақ екі адамның ауыр жарақат алғаны білдірілді.

Мәлімдемеде операцияның артынан өлтірілген палестиналықтардың үстінен 2 автомат қаруы мен бір тапанша шыққанына назар аударылды.

Лауазымдылар Акса мешітінің есіктерінің жабылғанын және Иерусалим аймақтық полиция дирекциясының бүгін Акса мешітінде намаз оқуға тыйым салғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар