Нью-Йорк қаласына тышқан қаптап кетті

Нью-Йоркта тышқандармен күресу үшін 32 миллион долларлық бюджет бөлді.

769761
Нью-Йорк қаласына тышқан қаптап кетті

Нью-Йорк қаласына тышқан қаптап кетті.

Америка Құрама Штаттарының ең үлкен қаласы және мемлекеттік экономика астанасы Нью-Йоркта тышқандармен күресу үшін 32 миллион долларлық бюджет бөлді.

Қалалық әкімшілік 8 жарым миллион адам саны болған қалада 2 миллиондай тышқанның бар екенін мәлімдеді. Нью-Йорк қалалық әкімшілігі  алғашқы сатыда тышқандарды 70 пайыз азайтуды жоспарлағанын мәлімдеді.

Нью-Йорк қала әкімі «Тышқандарды Нью-Йоркта күнделікті тұрмыс тіршіліктің бір бөлшегі ретінде қабылдамаймыз» деді. Қала әкімі қалалық әкімшіліктің тышқандардан арылу үшін түрлі әдіс қолданғанын білдірді.

Осы барыста Нью-Йорк денсаулық сақтау басқармасы осы жылдың басынан қазірге дейін тышқандармен байланысты 10 мыңнан астам шағым алғандарын хабарлады. 



Ұқсас жаңалықтар