Батыс Балқан елдері саммиті

«Батыс Балқан елдері саммиті» Италияның Триест қаласында өтті.

769651
Батыс Балқан елдері саммиті

Еуропа Одағы мен Батыс Балқан елдерін бір-бірімен жақындастыру мақсатымен «Батыс Балқан елдері саммитінің» төртіншісі Италияның үй иелігінде өткізілді.

Италияның Триест қаласында ұйымдастырылған саммитке Албания, Босния-Герцоговина, Македония, Черногория, Сербия, Италия, Франция, Австрия, Словения және Хорватияның жоғарғы лауазымдары қатысты.

Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Федерика Могерини де саммитке қатысты.

Саммиттен кейін Италия премьер-министрі Паоло Джентилони мәлімдеме жасады.

Джентилони Еуропа Одағының кеңейтіліп, Батыс Балқан елдерімен қарым-қатынастарды күшейту керектігін айтты.

Саммитте Еуропа Одағы мен Балқан елдері арасында салынатын кейбір құрылыс жобалары бекітілді. 



Ұқсас жаңалықтар