Ауғанстандағы су тасқынында 7 адам қаза тапты

Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадахшан уәлаятындағы су тасқынында 20 адам жарақат алды.

769116
Ауғанстандағы су тасқынында 7 адам қаза тапты

Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадахшан уәлаятындағы су тасқынында 7 адам қаза тапты.

Бадахшан депутаты Фавзи Куфи Бадахшанның Шикей және Наси аймақтарында бірнеше күннен бері нөсер жауын түскенін және су тасқынына жол ашқанын білдірді.

Куфи су тасқынында 20 адамның қаза тапқанын, ондаған үйдің құлағанын, жүздеген гектарлық егістіктің де су астында қалғанын атап көрсетті.

Лауазымдылар селден зардап шеккендердің жедел азық-түлік және ауыз суына мұқтаж екендерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар