Венесуэлада тыныштық жоқ

Мадуроның жақтаушылары Ұлттық Мәжілісіне басып кіріп 4 депутатты жаралады.

765912
Венесуэлада тыныштық жоқ

Венесуэла Президенті Николас Мадуроның жақтаушылары Ұлттық Мәжілісіне басып кіріп, 4 депутатты жаралады.

Атазаңның қайтадан жазылуына байланысты символдық өткізілген референдум барысында үкіметті жақтайтын топ Мәжіліс ғимаратына басып кіріп, оппозиция депутаттарына шабуыл жасады.  

Оппозицияның 4 депутатының жарақат алуына қарамастан мемлекет атазаңының қайтадан жазылуына байланысты символдық бір референдумның өткізілуіне байланысты жоспар бекітілді.

Конгресс мүшесі Армандо Ариас та шабуылға байланысты «Күн сайын еліміздің артқа қарай бет алғанына қатты қайғырудамыз» деді.

Венесуэла Президенті Николас Мадуро да жасаған мәлімдемесінде шабуылды айыптап оқиғаның тексерілуін талап етті.

 



Ұқсас жаңалықтар