С.Корея АҚШ-қа құқай көрсетті

Солтүстік Корея стратегиялық қару түрімен толықтай жабдықталды.

765601
С.Корея АҚШ-қа құқай көрсетті

С.Корея АҚШ-қа құқай көрсетті.

Солтүстік Корея сынақтан өткізген құрлықаралық баллистикалық зымыран ауыр салмақтағы ядролық қаруды алып ұшуға қауқарлы. Бұл туралы ел президенті Ким Чен Ын мәлімдеді. Оның айтуынша, Солтүстік Корея стратегиялық қару түрімен толықтай жабдықталды. Оларда сутекті және атом бомбасы бар. Осыны меңзеген ресми Пхеньян «АҚШ бізге қарсы саясатынан таймаса, олармен ешқандай келіссөз жасалмайды» деп мәлімдеді.

Айта кетейік, кеше Солтүстік Корея билігі кезекті рет баллистикалық зымыран ұшырған болатын. Ол Жапония теңізіне барып құлады. Солтүстік Кореяның бұл әрекетін халықаралық қауымдастықтар қатаң сынға алып жатыр. Осыған орай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың бастамасымен арнайы жиын өтеді.



Ұқсас жаңалықтар