Қытайдағы су тасқынында 56 адам қаза тапты

Нөсер жауын жалғасқан елде апат себепті шамамен 11 миллионнан астам адам зардап шегуде.

764230
Қытайдағы су тасқынында 56 адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстігінде ықпалды болған нөсер жауындар жол ашқан су тасқынында кем дегенде 56 адам қаза тапты, 22 адам жоғалды.

Қытай азаматтық жұмыстар министрлігінен жасалған мәлімдемеде оңтүстіктегі 11 қалада 11 миллионнан астам адамның су тасқынынан зардап шеккені білдірілді.

Нөсер жауын себепті көптеген қаланы су басты, электр жүйесі үзіліп, қатынаста кемшіліктер пайда болды.

Чынгду, Чангша, Гуанчоу және Шынчын қалаларында рейстер кейінге қалдырылды. Көптеген жолаушының әуежайдан шыға алмағаны білдірілді.

Метеорология лауазымдылары елдің оңтүстігінде жауындардың бұл аптада жалғасатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар