Катар сыртқы істер министрі Түркияға алғыс айтты

Шейх Мұхаммед бин Абдуррахман әл-Сани  мемлекетіне қолдау көрсеткеніне орай Түркияға алғыс айтты.

761906
Катар сыртқы істер министрі Түркияға алғыс айтты

Шейх Мұхаммед бин Абдуррахман әл-Сани  мемлекетіне қолдау көрсеткеніне орай Түркияға алғыс айтты.

Катар Сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед бин Абдуррахман әл-Сани  мемлекетіне қолдау көрсеткеніне орай Түркияға алғыс айтты.

Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда «Шығанақ дағдарысын шешу» атты сессияда Катармен кейбір араб елдері арасындағы дағдарысты түсіндірген әл-Сани осындай қиыншылық кезде Түркияның Катарға үлкен жәрдем бергенін атап өтті.

Министр әл-Сани «Түркия Катардың ең қиыншылық кезінде қолдау көрсетті. Осы қолдауы үшін Түркияға алғыс айтамыз» деді.

Түркияның Катармен болған қарым-қатынастарының басқа Шығанақ елдерімен болған қарым-қатынастарына ықпал жасау мағынасында емес екенін айтқан әл-Сани Анкараның барлық тараптарды диалогқа шақырғанын баяндады.

Катардың егемендік құқықтарынан бас тартпайтынын меңзеген министр дағдарыстың саяси бір шешім арқылы аяқталуы керектігін түсіндірді.  


Этикеттер: #Катар , #Түркия , #алғыс

Ұқсас жаңалықтар