Гутерреш Израиль басқыншылығының жойылу керектігін меңзеді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Израиль басқыншылығының 50-ші жылдығына орай ұсыныс жасады.

762016
Гутерреш Израиль басқыншылығының жойылу керектігін меңзеді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Израиль-Палестина мәселесінің жалғыз шешім жолының Израильдің Палестина жерінде 50 жылдан бері жалғасқан басқыншылығын тоқтату екенін білдірді.

Гутерреш Палестина жеріндегі басқыншылығының 50-ші жылдығына орай БҰҰ-да ұйымдастырылған форумға жолдаған жедел хатында мәселенің шешім ұсыныстарын жариялады.

1967 жылғы Араб-Израиль соғысының артынан Израильдің Батыс Шерия, Шығыс Иерусалим, Газа секторы және Голанға басқыншылық жасағанын еске салған Гутерреш бұл жағдайдың мыңдаған палестиналықты елді-мекенсіз қалдырғанын білдірді.

Гутерреш 50 жылдық басқыншылықтың қақтығыс пен өшпенділікті асқындырғанын атап көрсетті. Гутерреш «Бұл қақтығыс пен өшпенділік палестиналықтарға мемлекет құру қиялының ешқашан мүмкін емес екенін түсіндіргенін, израильдіктер үшін де бейбіт, қауіпсіз және аймақтық танылу мүмкіншілігі туғызбайтыны белгісін береді. Аймақта тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету, палестиналықтардың мемлекеттерін құру және израильдіктер күткен қауіпсіздікке  қол жеткізуі тек қана Израильдің басқыншылығының жойылуымен мүмкін болады. Палестиналықтар құқықтарына тек қана осылай қол жеткізе алады» деді.



Ұқсас жаңалықтар