АҚШ Түркияның маңызды одақтасы

Джеффри «Түркияның қауіпсіздік мәселелері біз үшін маңызды және көңіл бөлуіміз керек» деді.

760311
АҚШ Түркияның маңызды одақтасы

Америка Құрама Штаттарының бұрынғы Анкара өкілетті және төтенше елшісі Джемс Джеффри Түркияның АҚШ-тың ең маңызды одақтасы екенін айтты.

Джеффри «Түркияның қауіпсіздік мәселелері біз үшін маңызды және көңіл бөлуіміз керек» деді.

Сирияның Ракка қаласында террор ұйымы ДАИШ-ке бағытталған операция дау-дамай болған кезде Джеффри ТРТ-нің Вашингтон өкілі Туна Шанлыға мәлімдеме жасады.

Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы жалғасы YPG-нің қауіпті екеніне назар аударған Джеффри Түркиямен ынтымақтастық жасаудың маңыздылығын түсіндірді. 



Ұқсас жаңалықтар