Әл-каида террор ұйымының Шебва басшысы өлтірілді

'CENTCOM' Араб құрлығы Әл-каидасының Шебва басшысы Әбу Хаттаб әл-Эвлакидің өлтірілгенін жариялады.

758273
Әл-каида террор ұйымының Шебва басшысы өлтірілді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Орталық күштер қолбасшылығы (CENTCOM), Йеменнің Шебва қаласына жасалған әуе шабуылында Әл-каида террор ұйымының Шебва басшысы Әбу Хаттаб әл-Эвлакидің өлтірілгенін жариялады.

CENTCOM-нан жасалған жазбаша мәлімдемеде АҚШ күштерінің 16 маусым күні Шебва қаласында араларында Әл-каиданың Шебва басшысы Әбу Хаттаб әл-Эвлаки де бар ұйымға мүше үш адамға әуе шабуылы жасалғаны атап көрсетті.

Мәлімдемеде «Шабуылда Араб құрлығы Әл-каидасының Шебва қаласы басшысы Хаттаб әл-Эвлаки екі орынбасарымен бірге өлтірілді» делінді.

Эвлакидің ұйымның жоғары деңгейлі басшысы екені атап көрсетілген мәлімдемеде өзінің көптеген террор шабуылы жасағаны және Йеменнің оңтүстігінде тұрақсыздықты арттыру үшін талпынғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар