Лавров АҚШ-тан мәлімдеме күткендерін айтты

Лавровтың күн тәртібінде АҚШ-тың Сирияда режим күштеріне тиесілі соғыс ұшақтың құлатылуы бар еді.

756672
Лавров АҚШ-тан мәлімдеме күткендерін айтты

Ресей сыртқы істер министрі Серей Лавров Сирия режиміне тиесілі соғыс ұшағының құлатылуымен байланысты Америка Құрама Штаттарынан мәлімдеме күткендерін айтты.

Лавров Франция Сыртқы істер министрімен бірге Мәскеуде ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Лавровтың күн тәртібінде АҚШ-тың Сирияда режим күштеріне тиесілі соғыс ұшақтың құлатылуы бар еді.

Ресей сыртқы істер министрі осы тақырыпта Вашингтоннан мәлімдеме жасауды күткендерін білдірді.

Лавров Сирияда барлық тараптардың ортақ мақсатының террормен күресуге түйінделу екенін атап  өтті.

Сирия режиміне тиесілі ұшақтың құлатылуынан кейін Ресей АҚШ-пен болған әуе қауіпсіздік келісімін уақытша тоқтатты.

          

 


Этикеттер: #Ресей , #АҚШ , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар