Израиль әскері 23 жасар палестиналық жасты атып өлтірді

Израильдің әртүрлі сылтаулармен палестиналықтарға бағытталған қысымдары жалғасуда.

756733
Израиль әскері 23 жасар палестиналық жасты атып өлтірді

Израиль әскерлері басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалим мен Батыс Иерусалим арасындағы Жаба бақылау бекетінде пышақпен шабуылдағанын алға тартқан палестиналық жасты (23) атып өлтірді.

Израиль армиясы жасаған жазбаша мәлімдемеде палестиналық жастың оқпен жараланғаны атап көрсетілген. Дегенмен Израиль баспасөзінде орын алған жаңалықтарға сүйенсек Израиль әскері өлтірген палестиналықтың Шығыс Иерусалимнің Айзерийе аймағы тұрғыны 23 жасар Имад Семир әл-Хирбави екені білдірілген.

Соңғы кездері Израильдің палестиналықтарға бағытталған шабуылдарындағы арту назар аударады.

Израиль күштері «пышақпен шабуылдады» немесе «көлікпен басып кетуге әрекет жасады» деген қауесеттермен палестиналықтарға бағытталған адам құқығы бұзушылығын жалғастыруда.

Адам құқықтары ұйымдары Израильді шабуыл жасағаны қауесетімен палестиналықтарды «сотсыз жазалаумен» айыптайды.

Ресми мағлұматтарға қарағанда Израиль күштері мен палестиналықтар арасында 2015 жылдан бері басқыншылық астындағы Батыс Шерия, Шығыс Иерусалим және Газа секторында жалғасқан оқиғаларда екі Иордания азаматы және 269-дан астам палестиналық пен 47 Израиль әскері мен полиция қызметкері қаза тапқан.



Ұқсас жаңалықтар