Еуропа Одағы босқындарға жылу жияды

Еуропа Одағы таңға дейін сириялық босқындар үшін 200 миллион евролық жәрдем берді.

756809
Еуропа Одағы босқындарға жылу жияды

Еуропа Одағы Түркия, Иордания және Ливандағы сириялық босқындарға жәрдем беру мақсатымен 90 миллион евро жылу жияды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы балаларға жәрдем қорынан жасалған мәлімдемеде Әлем босқындар күніне орай жасалған жылудың қиыншылық шеккен босқындарға үлкен демеу болатыны білдірілді.

Мәлімдемеде Еуропа Одағының осы таңға дейін сириялық босқындар үшін 200 миллион евролық жәрдім бергені баяндалды.

Енді бер жағынан Түркияда сапарда болған Еуропа Одағының Түркия делегациясы төрағасы Кристиан Бергер 20 маусым Әлем босқындар күніне орай Қызыл Жарты Ай Қоғамы орталығындағы тіл курстарына қатысқан босқындармен кездесті.

Түрік Қызыл Жарты Ай Қоғамының жобасының Еуропа Одағы үшін маңызды екенін түсіндірген Бергер Сирия адам санының үште бір пайызының көшіп кеткенін және бұлардың көбінің Түркияға келгенін айтты. 



Ұқсас жаңалықтар