БҰҰ-дан ескерту

БҰҰ Израильдің Палестинадағы елді мекендерінің артқанын айтып, ескертті.

757004
БҰҰ-дан ескерту

БҰҰ Израильдің Палестинадағы елді мекендерінің артқанын айтып, ескертті.

БҰҰ Таяу Шығыс процесі арнайы координаторы Николай Младенов БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Иерусалимнен видео конференция арқылы қатысып, кеңес шешіміне қарамастан Израильдің Батыс Шериядағы заңсыз елді мекен жоспарын соңғы үш айда арттырғанын айтты.

Израильдің басқыншылығы астындағы Палестина жерлеріне құрылған елді мекендердің заңсыз екеніне назар аударған Младенов: «Қоныс жоспарларына байланысты хабарландырулар 24 наурыздан бері едәуір артты. 4 мың жаңа елді мекен салынатыны жарияланды. 2 мыңы үшін тендер ашылды. Шығыс Иерусалимде де 770 елді мекеннің құрылысы қазір рұқсат сатысында» деді.

Аймақтағы қауіпсіздік жағдайына да тоқталған Младенов соңғы үш айда Израильдің Газаға әуеден шабуыл жасамағанын, Газадан да Израильге де зымыран атылмағанын,  алайда Израиль қауіпсіздік күштерінің Палестинада 17 адамды өлтіргенін, Израильде болса бір әскер мен бір полицияның қаза болғанын білдірді.

Младенов Газада бірнеше айдан бері электр қуаты дағдарысы бар екенін айтты. Газа халқына күніне тек 4 сағат қана электр беріліп отыр. Бұл жағдай ауруханалар мен мектептерде үлкен қиыншылыққа жол ашуда.  



Ұқсас жаңалықтар