Иран Сирияда ДАИШ-ке шабуылдады

Иран төңкеріс сарбаздары Сирияның Дейр-уз Зур қаласына зымыран шабуылы жасады.

755197
Иран Сирияда ДАИШ-ке шабуылдады

Иран төңкеріс сарбаздарына тиесілі бір интернет парақшасы жасаған мәлімдемеге қарағанда зымыран шабуылының Тегерандағы террор шабуылына қарсы жасалғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде шабуыл нәтижесінде кейбір лаңкестік топтардың жойылғаны алға тартылды.

Тегеранда Иран Мәжілісі мен Айетуллах Хаманейдің кесенесіне жасалған шабуылда 17 адам қаза тапқан және шабуылды ДАИШ мойындаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар