Еуроодақтың 'террорлық жағдайы мен үрдістері' жарияланды

Еуропол «Еуроодақтың террорлық жағдайы және үрдістері 2017 рапорты» жарияланды.

753823
Еуроодақтың 'террорлық жағдайы мен үрдістері' жарияланды

Еуропа полиция ұйымы Еуропол «Еуроодақтың террорлық жағдайы және үрдістері 2017 рапорты» жарияланды.

Еуропа полицияның (Еуропол) рапортына қарағанда ПКК террор ұйымы Еуроодақ елдерінде түрік мекемелерін, мәдениет орталықтарын және мүліктерін нысанаға алған көптеген шабуыл жасап, қорқытып ақша жинау, насихаттау және ұйымға террорист табу жұмыстарын жалғастырды.

2016 жылғы оқиғаларды қамтитын рапортқа қарағанда ПКК тарапынан Еуроодақ елдерінде 142 лаңкестік шабуыл жасалып жатқанда, бұл шабуылдарда 142 адам қаза тапты, 379 адам жарақат алды.

Шабуылдар сегіз мүше мемлекетте болды. осылардың жартысынан астамы (76) Ұлыбританияда тіркелсе, Францияда 23, Италияда 17, Испанияда 10, Грекияда 6, Германияда 5, Бельгияда 4 және Голландияда 1 шабуыл тіркелді.

Шабуылдардың 40 пайызы жарылғыштармен жасалды.

Сирия мен Иракта қаруландырылған пилотсыз әуе көлігі қолданылуы, басқаларға да мысал болатыны және мұндай бір тактиканың қолданысының артатыны тақырыбында ескертулер жасалды.

Терроризмнің қаржысы туралы Еуроодақтағы террор әрекеттерінің 40 пайызының есірткі саудасынан бастап, ұрлық, жасанды тауар саудасы, несие заңсыздығы және тонаулар арқылы қамтамасыз етілгені атап көрсетілді.

ПКК Бельгия, Франция, Германия, Италия, Румыния және Швейцарияда заңсыз ақша жинау және ұйымға террорист табу жұмыстары жалғасты. Тек қана Франциядан жиналған ақшаның 5,3 миллион евроға ұласқаны болжалады.



Ұқсас жаңалықтар