500 жетімді бағып отыр

Мұсылман болған ағылшын әйел Пәкістанда 500 жетімді бағып отыр.

752588
500 жетімді бағып отыр
musluman, ingiliz, pakistan.jpg

Мұсылман болған ағылшын әйел Пәкістанда 500 жетімді бағып отыр.

Ағылшын Гурфан Курейши 20 жыл бұрын мұсылмандықты таңдап, Пәкістанға келіп,  жетім балалар үйін ашқан. Қазір ол үш балалар үйінде жетім балаларды бағыт отыр.

Курейшидің хикаясы 1976 жылы Ұлыбританияда пәкістандық Ахмет Курейшиге ғашық болып,  тұрмысқа шығуымен басталды. Лондонда тұратын католик отбасының қызы Гурфанның пәкістандық бір мұсылманмен отау құруына отбасы наразылық білдірді. Курейши тұрмыс құрғаннан кейін басқа діндерді де зерттей түсіп, мұсылмандықты таңдады.

Ұлыбританияда бірақ балалар үйінде жұмыс істеген Курейши осында мұсылман балаларға адал тамақ берілмеуіне қарсы шығып,  міндетін тастады.

Жұбайымен бірге 1992 жылы Пәкістанға келіп қоныстанған Курейши жетім балаларға бағытталған жобасын жүзеге асырып, жетім балаларға таза ортада Ислами және заманауи білім беру үшін балалар үйін құрды.

Бірінші балалар үйін Равалпинди қаласында ашқан Курейши артынан Карачи және Ханивал қалаларында да балалар үйін құрды.  Осы балалар үйлерінде 500 жетім балаға қарап отыр.

«Жұбайыммен бірге жобаны жүргізіп келеміз. Негізгі мақсат – осы балаларға сапалы білім беріп, Исламды үйрету. Осылайша жетім балалар өскенде,  өздерін өздері басқарып, мұқтаждықтарын қамдай алатын болады» деді ол.

Курейши: «Балаларға тек білім беріп қана қоймаймын.  Сонымен бірге олардың қабілеттерін, таланттарын жарыққа шығарамыз» деді.

Осы балалар үйлерінде тәрбиеленетін қыздар қазір тігін тігіп, компьютер қолдана алады.

«Мен «сіз берсеңіз,  Алла да сізге одан артығын береді» деген принципке сенемін. Ниетіңіз түзу болса, Алла сізге көмектеседі» деді Курейши.

Курейши балалар үйінде өскен ондаған қыз баланы тұрмысқа шығарғанын, кейбірінің университетте оқитынын айтып, «Еңбегімнің жемісін көру – мен үшін бақыттың қайнары» деді.



Ұқсас жаңалықтар