Ресейде оппозиция басшысы қайтадан сотталды

Путиннің ең мықты қарсыласы және «Заңсыздықпен күрес қорының» құрушысы Алексей Навальни қайтадан сотталды.

751449
Ресейде оппозиция басшысы қайтадан сотталды
rusya gösteriler1.jpg

РФ президенті Владимир Путиннің ең мықты қарсыласы, «Заңсыздықпен күрес қорының» құрушысы және активист Алексей Навальнидің шақыруымен Ресейдің көптеген қаласында мыңдаған адам шеруге шықты.

Мәскеудегі шеру алдында үйінің алдында тергеуге алынып тұтқындалған Алексей Навальныйдің жиналыстар заңын бұзғаны үшін осы жолы 30 күнге сотталғаны білдірілді.

Үкіметке қарсы шеру ұйымдастыруына рұқсат бермеген полиция, үкіметке қарсы ұран тастаған ереуілшілерге де қарсылық берді.

Мәскеу және басқа қалаларда жалпы 80 шеруде мың 500 адам тергеуге алынды.

Навальныйдің шақыруымен Мәскеуде наурыз айында ұйымдастырылған протесттерде болса мыңға жуық адам тергеуге алынған болатын.

Навальный болса полицияға қарсы шығу айыбымен 15 күнге сотталған еді.

41 жасар Навальный сәуір айында жүзіне жасыл бір сұйық шашыратылғаны себепті көру қабілетін жартылай жоғалтты.

Путиннің ең мықты қарсыласы болып қабылданған Навальный 2013 жылы 5 жылға сотталған болатын.

Еуропадағы адам құқықтары сотының шешімімен Ресей Жоғары сотының процесті қайтадан қарап шығына шешім қабылдаған болатын.

Америка Құрама Штаттары Навальныйдің тұтқындалып, Ресейдегі жаппай тергеулерге наразылық көрсетті.

Ақ Үй әкімшілігі жасаған мәлімдемеде топтық тергеуге алулар қатаң тілмен сынға алынды.

Ақ Үй мәлімдемешісі Шон Спайсер орыс мекемелеріне «барлық бейбіт ереуілшілердің тез арада еркін жіберілу керек» деді.

Еуроодақ пен Халықаралық амнистия ұйымы болса тергеулерге наразылық көрсетті.

Еуроодақ парламенті төрағасы Антониу Таяни, Навальныйдің тұтқындалуын «уайымдарды арттырушы» деп бағаласа, Халықаралық Амнистия Ұйымы ереуілшілерге бағыттап күш қолданылуын айыптап Ресейде «сигнал берген бір көрініс» бар екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар