45 жыл бойы қашып жүрді

Жапонияда 1972 жылдан беру іздеуде болған адам ұсталды.

749262
45 жыл бойы қашып жүрді

Жапонияда 45 жылдан бері іздеуде болған қашқын ұсталды.  Хиросимада ұсталған қашқын адам өлтіру қылмысынан іздеуде жүр еді.

Масааки Осака 1971 жылдың 14 қараша күні бас қала Токиода ереуіл кезінде молотов коктейлін лақтырып,  бір полиция қызметкерінің қаза табуына себеп болған еді.

Сол кезде Жапония төңкерісшіл коммунистер одағының Ұлттық комитетіне мүше болған Осака жөнінде адам өлтіру, қарулы ереуілге қатысу және шабуыл сынды қылмыстардан айыптаулар бар еді. Оған 1972 жылы іздеу салынған.

Жапония баспасөзінің деректеріне қарағанда Осака елде ең көп уақыт бойы қашып жүрген адам болды.

Оған осыншама жыл бойы Жапония төңкерісшіл коммунистика лиганың мүшелері көмектескен.

Жапонияда бір адамның өліміне себеп болған қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айрылады.



Ұқсас жаңалықтар