Йеменде тырысқақ ауруға шалдыққандар саны 100 мыңнан асты

Йеменде тырысқақ ауруға шалдыққандар саны 1,5 айдың ішінде 100 мыңнан асты.

748543
Йеменде тырысқақ ауруға шалдыққандар саны 100 мыңнан асты

Әлем денсаулық ұйымы мағлұматтарына қарағанда қаза тапқандар саны 800-ге таяу.

Азаматтық соғыс жалғасқан Йемен 27 сәуір күнінен бері тырысқақ аурумен күресуде.

Әлем денсаулық ұйымы мағлұматтарына қарағанда 19 уәлаятта шамамен 102 мың адам ауруды жұққан.

Елдің бас қаласы Сана ауру шалдыққандар саны ең көп болған жер.

Екі жылдан астам уақыттан бері қақтығыстар жалғасқан және денсаулық сақтау жүйесі қираған Йеменде тырысқақ ауру салдарынан одан көп адамның қаза табу ықтималы алаңдатуда.



Ұқсас жаңалықтар