Халықаралық коалиция Сирия режимін нысанаға алды

Біріккен қызмет күші тұрақтылық операциясы мәлімдеме жасады.

747344
Халықаралық коалиция Сирия режимін нысанаға алды

ДАИШ-ке қарсы құрылған Халықаралық коалиция Сирия режимін 2-ші рет нысанаға алды.

АҚШ басшылығындағы коалиция Сирияның Әл-Танф ауданы маңында «Сирия режиміне қарасты күштерге» бағыттап әуе шабуылы жасады.

Біріккен Қызмет күші тұрақтылық операциясы жасаған мәлімдемеде «Мұның алдында жасалған ескертулерге қарамастан режим жақтаушылары Әл-Тани бригадасындағы коалиция және ортақ операциялық күштерге қауіп төндіретіндей келісім жасалған қауіпсіз аймаққа бір танк, ұшақ қағар жүйелері және сауытты техникалық көліктер мен 60-дан астам әскермен кірді» деді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) Әл-Танф аймағында одақтас күштермен бірге Әл-Танф лагерінде жүздеген әскердің бар екенін атап көрсеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар