Ердоған Путинмен телефонда сөйлесті

Ердоған Катар тақырыбы жөнінде талпыныс көрсетуде.

746409
Ердоған Путинмен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Араб түбегіндегі 7 елдің Катармен дипломатиялық байланысын тоқтату  шешіміне байланысты бірқатар елдің лидерлерімен телефон арқылы сөйлесті.

Ердоған Катар тақырыбындағы оқиғаларға байланысты Катар Әмірі Шейх Әл-Сани, Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин, Кувейт Әмірі Шейх Әл-Сабах және Сауд Арабия королы Селман бин Абдулазиз Әл-Саудпен телефон арқылы сөйлесті.

Аймақта бейбітшілік және тұрақтылықтың маңыздылығы тілге тиек телефон кездесуінде қазіргі дағдарыстың дипломатиялық және диалог жолдармен шешуге болатыны мәлімденді.

Президент Ердоғанның осы тақырыптағы ізденістірін жалғастыратыны білдірілді.

Осы барыста Президент Ердоған Ресей Президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті. Кремльден жасалған мәлімдемеде «Лидерлер Парсы Шығанағында бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнығуы үшін ымыраласу мақсатымен қатысты тараптарды диалогқа шақырды» делінді. 



Ұқсас жаңалықтар