Лайчак сайланды

Мирослав Лайчак 72-ші кезең БҰҰ Жалпы кеңес төрағалығына сайланды.

743625
Лайчак сайланды

Словакия Сыртқы істер және Еуропа істері министрі Мирослав Лайчак қыркүйекте басталатын 72-ші кезең БҰҰ Жалпы кеңес төрағалығына сайланды.

193 елдің ортақ платформасы БҰҰ Жалпы кеңесінің 72-ші кезең басшылығы үшін кеше сайлау өткізілді.

Аймақтар арасында айналып атқарылатын басшылық үшін Мирослав Лайчак жалғыз кандидат болғандықтан осы міндетке ауызбіршілікпен сайланды.

Лайчак міндетін 12 қыркүйекте қабылдап алады.  Міндетін 2018 жылдың қыркүйек айына дейін атқарады.

Сайлаудан кейін сөз сөйлеген Лайчак халықаралық проблемалардың шешімі үшін жұмыстанатынын айтып, әсіресе көш тақырыбына шоғырланатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар